Аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасы аясында қалалық және ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша округ әкімдерінің есептерін тыңдады.
Округ әкімдері жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтардың ұсынған жобалары бойынша мәліметтерін берді. Мәселен, өздеріне қарасты ауылдарда ашылатын наубайхана, тігін цехы, өсімдік шаруашылығы, қаз-үйрек өсіру т.б осындай жобаларға қанша қаражат қажет етілетіндігі, тұрғын үйлердің бағалануы және жасалып жатқан бизнес жобалары бойынша баяндады.
Есептері тыңдалып болғаннан кейін ауыл әкімдері осы жобаны жүзеге асыру үшін қаражат бөлетін «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына аудан әкімінің орынбасары С.Мұқановпен бірге
тұрғындардың бизнес жобаларын қорғау үшін барды.
Тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат еткен «Ауыл аманаты» жобасына қазіргі таңда аудан бойынша 612 млн теңгеге, 107 жоба жасақталды. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуі аудан әкімдігінің бақылауында.