«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Жұбанов универитетінің Ғылыми кеңес мүшелерімен арнайы кездесті.
Кездесуде Саясат Нұрбекұлы әріптестеріне қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығының зор перспективасы туралы айтып берді. Ол биыл Қазақстанда еліміздің түрлі қалаларында әлемнің жетекші университеттерінің 6 филиалын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Соның бірі 200 жылдық тарихы бар Heriot-Watt университетінің филиалы Жұбанов университетінің базасында ашылады.
Heriot-Watt университеті Жұбанов университетінің базасында «Мұнай-газ ісі», «Энергетика», «Компьютерлік техника» (бакалавриат) бойынша үш білім беру бағдарламасын ашады. Түлектерге Heriot-Watt университеті мен Жұбанов университетінің қос дипломы беріледі. Келесі оқу жылында талапкерлерді қабылдауды бастау жоспарда бар.
Айта кетейік, Heriot-Watt университеті Ұлыбританиядағы сегізінші көне оқу орны.
Ғылыми кеңестің өкілдерімен кездесуде Саясат Нұрбекұлы «Мұндай мүмкіндік ғасырда бір рет берілуі мүмкін, – деп атап өтті.
Министр Ақтөбе еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі, жоғары білім беру сапасын арттыру үшін барлық мүмкіндіктері бар деп есептейді. Сондай-ақ, ол Қазақстанда Түркия, Германия, Канада, Өзбекстанның белгілі жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынына тоқталды. Олар Ақтау, Жезқазған және Тараз қалаларында жүзеге асады.

“Ақтөбе-ақпарат”.

Ұқсас ақпараттар

ДОМБЫРАШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолы: жаңа Алға айналма жолында көлік қозғалысына рұқсат берілді

admin_mugalzhar

«ҚЫС-2024» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.