«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛБОЛҒАН — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Астана қаласында грэпплинг UWW күресі бойынша Азия Чемпионаты өтті. Осы спорттық додаға Азия мемлекеттерінен Иран, Үндістан, Филиппин, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің ең үздік спортшылары қатысып, 400-ден астам спортшы сайысқа түсті.

Қазақстанның атынан күрескен мұғалжарлық спортшы Ұлболған Жақсылықова ақтық белдесуде филиппиндік қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Айта кету керек, Ұлболған алдағы күндері Польша мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Ұлболған Жақсылықова осы уақытқа дейін көптеген спорттық шараларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген ауданның үздік спортшыларының бірі. З.ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

Еліміздің Конституциясының жаңа жобасы жарияланды

admin_mugalzhar

САРАПШЫЛАР КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРДІ

admin_mugalzhar

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ

admin_mugalzhar