«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАХИР АТАНЫҢ БАТАСЫ – ОБЛЫСТА БІРІНШІ!

Осы аптада Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» аясында сан ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында ақсақалдар арасында облыстық бата сайысы өтті.

Аталған байқауды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі дәстүрді жалғастырушы қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыс орталығы мен аудандарда өткен бата жарысының жеңімпаздары, яғни, он төрт адам қатысқан ақсақалдардың батасын Серікжан Еншібайұлы мен республикалық бата жарысының жеңімпазы, «Ақ бата – алтын қазына» таңдаулы баталар жинағының авторы Марат Қабижанұлы және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман саралады. Жарыс қорытындысында мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанған Мұғалжар ауданынан қатысқан Тахир Наранбай І орынды иеленіп, республикалық бата жарысына жолдама алды. Ал ІІ орынды Аманжол Ахмет (Алға ауданы), ІІІ орынды Жексенбай Алғазин (Байғанин ауданы) иеленді. Жеңімпаздарды облыстың Бас имамы құттықтап, алғыс хат пен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын және қаржылай сыйлық табыстады. Одан өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлығы тарту етілді.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

admin_mugalzhar

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА 74 МЛН-НАН АСТАМ ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.