«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЫЛЫЖАЙ АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, жылыжай кешенін ашуды жоспарлап отырған мұғалжарлықтар үшін семинар өтті.

«Qazyna» бейіндік оқыту шеңберінде өткен шарада бірнеше жылдан бері жылыжай өсірумен айналысып жүрген жеке кәсіпкер АрманМамбетжановөз тәжірибесімен бөлісті. Жылыжай кешенін салуды жоспарлап жүрген болашақ кәсіпкерлер жалпы жылыжайдың жабдықталуын, оған жылудың берілуі жөнінде өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады. Жиын барысында Арман Мамбетжанов жылыжай кешенінің салынуы, оған пайдаланылатын құрылыс материалдары туралы, жылу жүйесінің дұрыс жүргізілуі, төбе жабындысы туралы толыққанды ақпарат беріп өтті.

Семинарға қатысқандар ішінде «Самал» мөлтек ауданында тұратын тұрғын «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, жеңілдетілген несие алып, үйінің жанынан жылыжай кешенін ашуды жоспарлап отырғанын айтып, кеңес сұрады. Сонымен бірге жылыжай кешенінде құлпынай өсіру бизнесін қолға алып жатқандар да болды.

Біздің жылыжайдың жалпы аумағы 720 шаршы метрді құрайды. Оның көкөніс егуге арналған аумағы 480 шаршы метр. Жылыжайдатекқанақияр егіледі. Біз тұқым себуді қазан айларында бастаймыз. Голландық тұқымның өнімділігі жоғары. Себебі осы еккен қиярдың өнімдерін шілде айына дейін алып отырамыз. Бүгінде өнімге сұраныс өте жоғары. Жылыжай егудің технологиясы өте қиын. Шыдамдылықты, еңбекқорлықты қажет етеді, — деді ол.

Арман Мамбетжанов жылыжай өсіруде ең маңыздысы жылуды бір қалыпта ұстау екенін айтты. Кешеннің қалыпты температурасы 22 градустан түспеуі керек екен. Жылыжай ішіндегі жылудың температурасы 18 градустан түссе, көкөніс сабақтары өсуін тоқтады және гүлдемейді. Егер 12 градусқа түскен жағдайда жапырақтары да, сабақтары да солып қалады екен.

Сонымен бірге қияр мен қызанақты бір жерге өсірудің пайдасынан зияны көп болатынын, олардың арасы ашық немесе бөліп тұратын жабық шарбақтың болуы қажеттігін тілге тиек етті. Қиярдан мол өнім алу үшін басындағы бүршіктерге де аса назар аудару қажеттігін ескертті. Ол бүгінде жылыжай кешенінде құлпынай өсірудің біршама пайдалы болатынын да айтты.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ақтөбеден 7 спортшы қатысады

admin_mugalzhar

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНДА МЕДПУНКТ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар қандай көлік маркаларын жиі сатып алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.