«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы аяқталды.

Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасы өз жас санатында қарсылас шақ келтірмеді. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия кубогы жарысында 9 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлде еншілеп, жарысқа қатысқан 10 елдің ішінен топ жарды. Аталған байқауға Мұғалжар ауданынан қатысқан қандыағаштық Әділет Алмат 73 келі салмақта, ембілік Жанарыс Рахметқали 66 келі салмақта шебер өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ал 70 келі салмақта сынға түскен Гүлнұр Баханова күмістен алқа тағып, екінші орынға табан тіреді.

З.ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

АМЕРИКАДАН ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы айт намазының уақыты

admin_mugalzhar

Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

admin_mugalzhar