«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ – ӘКЕЛЕР МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ

Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Ұлағат» әкелер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржанат Сейтимованың ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты — жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі әкелердің мәртебесін және жауапкершілігін жоғарылату, отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту.

Жиынға көпбалалы әкелер мен қатар, жас әкелерде қатысты. Олар жиын барысында өзара тәжірибе алмасып, отбасы тәрбиесіндегі, балалардың бойына патриоттық сезімді дарытып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әке рөлін көтеру мәселелері, ата-аналар қауымдастығының жұмысын жетілдірудегі өзекті сұрақтарды талқылау сынды бірқатар мәселелер айтылды.

Жиында мектеп жанынан құрылған «Домбыра дастан» оркестрінің сүйемелдеуімен мектеп оқушылары «Мың алғыс әке» әнін хормен шырқап, әкелерге ілтипат танытты.

Ә.КЕҢЕСҰЛЫ

Ұқсас ақпараттар

900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» бағдарламасы: Республика күні қарсаңында мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері ағаш отырғызды

admin_mugalzhar

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar