«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

16 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ

Биылдан бастап қазақстандық жастардың жеңілдетілген шағын несие алып, өзі кәсібін бастауға мүмкіндіктері көбейді. Жастарға бағытталған бағдарлама аясында ел бойынша 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады. Ал ауданда 16 жасқа 2,5 пайыздық несие беру жоспарланып отыр.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Венера Урумбаева аталған несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алатынын айтты. Берілетін несиенің ең жоғары сомасы 5 млн теңгені құрайды. Ал сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%- дан аспайды. Мал шаруашылығын дамытуды қолға алатын жастар үшін 7 жыл, өзге кез келген мақсат үшін 5 жыл уақыт беріледі.

-2,5%-дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында беріледі. Сала бойынша шектеу қойылмаған, яғни басым бағыттар бекітілмеген. Өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде құжаттар мен бизнес жобаға бағалау жүргізіледі. Бекітілген қағидаларға сәйкес, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең шағын несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды. Каникул алу үшін несие алған адам агент атына өтініш жазуы керек. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, — деді ол.

Шағын несие берудің басты мақсаттарының бірі — кепілдік қою. Несие алушыда кепіл болмаса, үшінші тарап кепілгер бола алады. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техника қабылданады. Үміткер үйленген не тұрмыста болса, жұбайының нотариалды рұқсаты керек.

Ұқсас ақпараттар

ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

ҚАЗІР МЕН «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНЫМЫН

admin_mugalzhar

Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.