«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!

ДЕМАЛЫС КҮНІ БОЛАТЫН. ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫМ ШЫР ЕТЕ ҚАЛДЫ. БЕЙТАНЫС НӨМІРДЕН ХАБАРЛАСҚАН ҚЫЗ БАЛА ӨЗІН ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІНЕН ЕКЕНІН АЙТЫП, МЕНІҢ БАНК ШОТТАРЫМДА МӘСЕЛЕНІҢ БАРЫН, ОНЫ ЖАБУҒА МӘЖБҮР ЕКЕНІН, БІРАҚ МӘСЕЛЕНІ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ШЕШУГЕ БОЛАТЫНЫН ЖЕТКІЗДІ. ТІПТІ МЕН ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ БӘРІНЕН ХАБАРДАР. БАСЫНДА ТҮСІНБЕЙ ҚАЛДЫМ. СЕНІП ҚАЛДЫМ ДЕСЕМ ДЕ БОЛАДЫ. ОЙЫМДЫ ЖИНАҚТАП, ДЕРЕУ ТЕЛЕФОНЫМДЫ ҚОЛЫМА АЛЫП, АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНЕ ХАБАРЛАСЫП, МӘН ЖАЙДЫ АЙТЫП ЕДІМ, ОЛАР БҰҒАН СЕНБЕУІМДІ, БҰЛ ӘРЕКЕТ ҒАЛАМТОР АЛАЯҚТАРЫНЫҢ ҚҰЙТЫРҚЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БІРІ ЕКЕНІН ЕСКЕРТТІ. ИӘ, МЕН ОСЫЛАЙ АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕДІМ. БІРАҚ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША АДАМ АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛЫП, МИЛЛИОНДАҒАН ҚАРЫЗҒА КІРІП, САН СОҒЫП ҚАЛУДА. БҮГІНДЕ ҚОҒАМНЫҢ КҮРМЕУІ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕСІНЕ АЙНАЛҒАН АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ ТАРҚАТЫП ЖАЗБАҚ НИЕТТЕ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНЕ ХАБАРЛАСТЫҚ.

Ауданда үш айда 25 дерек тіркелген

Статистикалықдеректергесүйенсек, елімізде 12 мыңнан астам интернет-алаяқтығы тіркелген. Қылмыскерлер 7 млрд теңгеге шығын келтірген. 571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқанқылмыстықтоп жойылған. Интернет-алаяқтық фактілері халық көп шоғырланған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысында көп байқалады екен. Ал облыста өткен жылы 455-тен астам интернет алаяқтық дерегі тіркелген.

Мұғалжар аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесініңағажеделуәкілі, полиция капитаны Дәурен Аманғали ауданда 2022 жылы 60-тан астам алаяқтық дерегінің тіркелгенін жеткізді.

Ал биылғы жылдың 3 айында жалпы саны 25 алаяқтық дерегі тіркелді. (Өткен жылдың үш айында 19 дерек тіркелген болатын). Оның 16-сы интернет алаяқтығы. Олар — ғаламтор алқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену, бөтен біреудің атынан онлайннесие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар. Бұл дегеніміз, алаяқтықтың өсімін білдіреді. Бүгінде алаяқтық қылмыстардың көбі интернет арқылы жасалады. Әсіресе, онлайн сауда-саттық саласы алдау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған түрі болып отыр. Ақпараттық жүйенің әсіресе, бүгінде сұранысқа ие Instagram әлеуметтік желісінде және olx сайтында көп орын алады. Ол жерде кімнің кім екенін ажырату өте қиын, — деді ол.

Біз соңғы уақытта ғаламтор алаяқтығының көптеп орын алуының себебін сұрадық. Ол алаяқтық деректерінің жиілеуінің екі себебін атады. Оның бірі — 2020 жылы болған коронавирус кезіндегі карантин уақытында басталған онлайн сауда. Екіншісі — банктердің онлайн режимінде несие рәсімдеуі. Карантин кезінде онлайн дүкендерге тапсырыс берушілердің саны артқан. Ал оны ойы жаман адамдар өз пайдаларына жаратып, құйтырқы іс-әрекеттерін жүзеге асырған.

Бүгінде банктен шағын несие алу тым оңай болып кетті. Банкке бармай, үйде отырып несиеге онлайн қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Иә, бұл жалпы халық үшін оңтайланған шешім болғаны анық. Дегенмен, таяқтың екі ұшы болатыны секілді осыны пайдаланып, өзге біреудің атынан несие алып тастайтын деректер көптеп орын алуда. Айталық, алаяқтар қандыағаштық бір жігіттің атынан бір мезгілде 3 банктен несие алып, қомақты қаржыны жымқырды. Бұдан да өзге деректер де жетерлік, — деді Дәурен Әскербекұлы.

Алаяқтардың айласына құрық бойламайды

Полиция капитанының сөзінше,интернеттегі қылмыстық іс –әрекеттерді жүзеге асырушы алаяқтар күн сайын әдіс-тәсілдерін өзгертіп отырады. Алаяқтар өзге мемлекеттерден де қазақстандық нөмірлер арқылы хабарласады екен. Жақында ғана аудандық ішкі істер бөліміне Сағашилі ауылының тұрғыны өз атынан 13 млн теңге көлемінде бәз біреулердің несие рәсімдегенінайтып, шағымтүсірген. Тергеу барысында ол кісіні алдағандар өзге мемлекеттің азаматтары болып шыққан. Енді олар бұндай жағдайда шетелге кеткен ақшаны қайтару мүмкін емес екенін айтады.

Алаяқтық деректері соңғы уақытта смартфон арқылы жасалуда. Олар қоңырау шалып, өз айтқанына сендіруге тырысады. Олардың әңгімесі «сіздің жеке мәліметтеріңіз жария болыптыдан басталып, соның алдын алу керек» немесе «сізге алаяқтар шабуылжасап, атыңыздан қомақты қаржы несие рәсімдеуі мүмкін» деген секілді арбау сөздермен жалғасады. Сіздің сеніп қалғаныңызға көзіжеткен «жанашырсымақтар» смартфондағы «Рlaу Market» арқылы AnyDesk деген қосымшаны жүктеу қажеттігін айтады. Сол бағдарламаны алаяқтардың шабуылына қарсы құрал деп түсіндіреді. Ал адамдар бұл қосымшаның қауіпті екенін білмей, бөтен біреуге өз атынан несие рәсімдеп беруі әбден мүмкін екенін ескермей жатады. Алаяқтар аталған қосымшаның көмегімен азаматтардың қолындағы гаджеттерге онлайн тіркеліп, ондағы банктік қосымшаға қосылып алады. Аталған мобильді қосымша арқылы алаяқтар қолды қылған қаржыны қайтарып алу өте қиын. Әлеуметтік желідегі «ВКонтакте», «Kolesa.kz» қосымшаларында да бұндай оқиғалар көптеп орын алады. Айталық, алаяқтар «ВКонтакте» қосымшасы арқылы бір адамның парақшасының көшірмесін жасайды да оның достарына қиналып тұрғанын, шұғыл түрде қаржылай көмек беруін, «Кивиге» аударып жіберуін өтінеді. Оған сенген «досы» ақша аударып жіберіп, алданып қалып жатады. Алматы асып, «көлік сатып алам» деп алданып қалғандар да жетерлік. Адамдар тауардың барына 100 пайыз көз жеткізбей тұрып, ақша аудармауы қажет, — деді криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Дәурен Аманғали.

Полиция капитаны бұндай жағдайлар орын алған жағдайда дереу полицияға хабар беру қажеттігін айтады. Жеке бас мәліметтерді арам пиғылды адамдарға беріп қоймау үшін бірнеше қағиданы ескеру керектігінеденазараудартты. Адамдар еш уақытта танымайтын бөтен кісілергетелефондарынұстатпауы, телефонға күмәнді қосымшаларды орнатпауы, еш уақытта банктің онлайн қосымшасындағы құпия кодты және өзге де жеке деректерді, төлемге қатысты мәліметтерді бөтен адамға көрсетпеуі қажет. Бүгіндеалаяқтық іс-әрекеттердің белең алып тұрған қосымшаларының бірі — Kaspi.kz. Кейбір таныстарымыздың WhatsApp статустарынан, Instagram парақшасындағы стористерінен «обналичка каспий» деген жарнаманы көп кездестіріп жатамыз. Сөйтсек, олжердедеалаяқтық деректері көптеп кездеседі екен.

Полиция бөлімшесіне келетіндердің көпшілігі жарнамаға сеніп, Kaspi.kz арқылықолма-қолақшаға қол жеткіземін деп алданып қалатындар. Біз тексеру барысында оның барлығын анықтап, үйіне іздеп барған кезімізде мың түрлі сылтау айтып, істеген ісін мойнымен көтеруден жалтаратындар жетерлік. Бұндай оқиғалар өте көп, — деді ол.

Қылмыстың алдын алу – маңызды

ҚР Ішкі Істер министрлігі 2023- 2025 жылдарға арналған телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында арнайы бағдарламажасақтаған. Аталған бағдарлама шеңберінде тұрғындарды алаяқтардан сақтандыруүшінаудандықполициябөлімі түсіндірме жұмыстарын жасауда. Олар сақтанудың жолдары толық жазылған жадынамалар таратып, көшеге осы тақырыпта баннерлер іліп қойған. Заман талабына сәйкес ақпараттық жүйелердің қарыштап дамығанын ескерген полиция мамандары интернет желілеріндегі әлеуметтік парақшалар арқылы түрлі бейнероликтер таратып та жүр екен.

Біз тұрғындарға расталмаған сату көздерін пайдаланбауларын үнемі айтып отырамыз. Кез келген жағдайда банк карталарының жәнешоттарыныңмәліметінешкімге бермеуін, тіпті көрсетпеуін сұраймыз. Әсіресе, интернетпен байланысқан адамға. Әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тарту керек. Бүгінде адамдар жеңіл пайда тауып, тез олжаға ие болғысы келеді. Соның арты алдануға, қыруарқарызғабатуғаалып келетінін естен шығарып жатады, — деді ол.

Ғаламторды ақша табу көзіне айналдырған алаяқтар мамандық таңдамайды екен. Оларға мұғалім де, дәрігер де, құқық қорғау органдарының мамандары да алданып қалатын көрінеді. Сол себепті де полицейлер кез келген мекемеге барып, алаяқтан сақтану жолдарын түсіндіріп, дөңгелек үстелдер өткізеді. Учаскелік инспекторларда өздеріне қарайтын аумақтық тұрғындарына үнемі айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Бұл жолға түскендерге жаза ауыр

Полиция капитаны Дәурен Әскербекұлы біреудің сеніміне кіріп, мүлкін иемденгендердің Қылмыстық кодекске сәйкес, мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан10 жылғадейін бас бостандығынан айыру көзделгенін айтады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4 бөліктен тұрады, Соған байланысты алаяқтық үшін жаза түрлері де күшейтілген. Егерде кінәлі адам жай алаяқтық жасаған болса, яғни ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттердіжасаса, ол 2 жылғадейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алаяқтықтың адамдар тобында алдын ала сөз байласуымен, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген. Алаяқтық бірнеше рет жасалған жағдайда аталған баптың 3-бөлігінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал қылмыстық топ жасаған немесе аса iрi мөлшерде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшерінен асатын алаяқтық жасалса, ол үшін сол баптың  4-бөлігінде10 жылғадейінбас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Барлық жағдайда да қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады, — деді полиция капитаны.

ТҮЙІН

Біз жоғарыда тек ресми статистика бойынша жазып шықтық. Ал органдарға барып арызданбаған, тіркелмеген қанша алаяқ құрбаны бар. Соның салдарынан отбасылар ойран болып, алданып қалған қанша адам өмірден баз кешуде. Сөз соңында алаяқтардың құрбанына айналмас үшін «сақтықта қорлық жоқ» екенін естен шығармайық дегіміз келеді.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

Ақтөбеде қала күніне орай 60-тан астам қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.