«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РАМАЗАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ең ерекше айы – Рамазан айы. Басқа айлармен салыстырып қарағанда Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі.

Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазару үшін, жаман істер жасаудан тиылуы қажет. Себебі бұл айда Жаратушы Иеміз жаман нәрселерді жауып, жақсы нәрселерді ашады екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады, әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді» деген. Бұл айда адам баласын азғырушы шайтан болмайды. Пенде бұл айда тек қана өзінің нәпсісімен ғана қалады. Адам өзінің қандай дәрежедежүргендігін осы Рамазан айында білуге болады. Сол үшін осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмауы үшін мүмін адамбарын салады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде « Егер адам баласы Рамазан айының не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан аяқ Рамазан болуын қалар еді» деген. Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде іс–амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет. Ал осы мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз немқұрайлықты білдіреді.

Алла тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезінуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы Рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі, тиістіміндеттердідұрыс орындау арқылы ауыз бекіткен кісі, өзін-өзі тәртіпке шақырып, харам болған істерден тыйылады. Нәтижесінде, осындайадамжиеркенішті әрекеттерденарылып, жақсылыққа бет бұрады. Негізінде ораза адам денсаулығы үшін де, ұлт үшін де пайдасы зор. Француз биолог, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрігер болған, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде былай дейді: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып, ауыз бекітуге шақырған. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқанжағдайлар, бірақ ішкіорганизмдегі құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ.

Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге тері астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс жасау үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл болашақта адам организімінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді». Демек, біздің ата-бабаларымыз ораза тұту арқылы мықты болған десек артық болмайды. Ал, екінші жағы жаман әдеттен тыйылып, жақсы қасиетті бойына жинайды. Адам баласының осылай жаны мен тәні тазарады. Қасиетті Рамазан айы болмаса адам баласы ораза ұстауға аса құмартпайды. Сол үшін қасиетті Рамазан айында жанымыз бен тәнімізді бір тазалап алуға әрекет жасау керек.

Ә.МАУСЫМОВ, Мұғалжар аудандық «Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық» КММ басшысы.

Ұқсас ақпараттар

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ИСЛАМ ДІНІНЕ ЖАЛА ЖАБУШЫЛАРҒА ЖАУАП

admin_mugalzhar

Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.