«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨНЕРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР ЖАРАДЫ

Алматы қаласында «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Жеті өнер» VII Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы өтті.

Аталмыш байқауға Қандыағаш қалалық мектептен тыс «Аула клубы» КММ-нің «Білімді болашақ» үйірмесінің оқушысы Айжан Амандық қатысып Бас жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ жалпы саны 134 қатысушы қатысқан байқауда жүлделі І орынды Жанат Кенжемырза, ІІ орынды Азамат Жанұзақ, Қайсар Амандық, Мерей Аманжолова иеленіп, Ташкент қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдама алды. Үйірменің жетекшісі Лаззат Отарова «Білім жанашыры» төсбелгісімен, «Үздік дарынды балалар жетекшісі» және «Құрмет грамотасымен» марапатталды. А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУ – АУЫРМАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

admin_mugalzhar

ЖАНАРЫСТЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ КӨП МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТАДЫ

admin_mugalzhar