«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғанда берілетін төлем ұлғаяды

1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5% ұлғайтылады. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«Мемлекет азаматтардың табысын арттыру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде қабылдап келе жатқанын айта кету керек. Мысалы, биыл 1 қаңтардан бастап республикадағы ең төменгі еңбекақы мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көбейтілді. Бұл экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер мен еңбек адамын қамтыды. Ең төменгі айлық көрсеткіші арқылы еңбекақы деңгейін белгілейтін ұйымдар біліктіліктің санат аралық жүйесін ескере отырып, өзге де санаттағы жұмысшылардың еңбекақысын өсіру жағына қарай қайта қарастырады», — делінген үкімет хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

Жандарбек Бекшин: Карантин аяқталғаннан кейін де сақтық шараларын жалғастыру керек

admin_mugalzhar

Испания құрамасы 4 дүркін Еуропа чемпионы атанды

admin_mugalzhar

Минус 28℃-қа дейін аяз, қатты жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.