«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТАРАТЫЛЫП, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Аудандық жұмыспен қамту орталығы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап, Еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болып табылатын Мансап орталықталығы болып қайта құрылады.

Бүгінгі таңда осыған байланысты Еңбек мобильділігі орталығын құру мақсатында Жұмыспен қамту орталығын тарату рәсімі басталды. Орталық мамандары 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, кәсіптік оқытуға әлеуметтік келісімшарттар, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттық келісім-шарттар бұзылуы туралы хабарлады. Сонымен қатар, бұзылған келісім-шарттар құрылған Еңбек мобильділігі орталығымен қайта келісілетінін жеткізді.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

admin_mugalzhar

АЭС САЛУ ЕЛІМІЗГЕ ТИІМДІ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ЖАМАҒАТ МЕДРЕСЕДЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar