Ауылдың тұрмысын түзеуге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы туралы газетімізде бірнеше мәрте мақала жарияланды. Ол жерде ауыл тұрғындарына жобаның маңыздылығы мен тиімділігі, жеңілдетілген несиені алу жолдары жөнінде кеңінен ақпараттар берілді. Бүгінгі мақаламызға да аталған жоба арқау болмақ. Себебі, жеңілде-тілген несиеге қол жеткізіп, кәсіп бастағандардың қарасы көп. Бірі көкөніс пен құс шаруашылығын қолға алса, енді бірі шағын бизнес ашып, жылыжай кешенінің құрылысын жүргізіп, көкөніс пен жеміс-жидек егуді бастап та кетті. Бұл жолы «Ауыл аманаты» арқылы кәсіпкерлікке бет бұрғандардың бірқатары қолға алған жұмыстары туралы өздері баяндап берді.
21 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Аудандық ауылшаруашылығы мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына аудан бойынша 97 жоба тапсырылған. Бүгінде оның 54-імамандардыңмақұлдауынан өткен. Мақұлданған жобалардың ішінде 21 жобаға 86 млн 400 мың теңге қаражат төленген. «Ауыл аманаты» жобасына Қандыағаш қаласынан 3 адам, Ембі қаласынан 2 адам, Жұрыннан 6 адам, Қайыңдыдан 3 адам, Құмжарғаннан1адам, Егіндібұлақтан 3 адам жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.
—Тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы аудан тұрғындары көкөніс пен картоп егуді, жылыжай салуды, құс шаруашылығы дамытуды қолға алуда. Сонымен бірге шағын бизнесті дамыту мақсатында шаштараз, монша, наубайхана ашып, кондитерлік өнімдер дайындап, кәсіп бастауда. Жобаға қатысуға ниет білдірген тұрғындарға ауыл әкімдері, одан қалды ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы барынша демеу беріп, құжаттарын жасақтауға көмектесіп жатыр. Айталық, Бизнес-жоспарларын құруға, кепілдікке салынатын мүліктің бағалануына, құжаттардың «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылуына, жобаның қорғалуына барынша қолдау көрсетуде, — деді ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Марзия Гатаулина.
Айгерім МАМБЕТСАПИНА, Қандыағаш қаласы:
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ- ЖАБДЫҚТАРҒА ТАПСЫРЫС БЕРІП ҚОЙДЫМ
— Осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен несиеге 4 млн теңгеге жуық несие рәсім-дедім. Мен үшін кішкентай қадамнан үлкен мақсаттар-ға жол ашқан керемет жоба болды. Мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлердің дамуына, жастардың жан-жақты болуына өте тиімді деп айта аламын. Себебі, мен шаштараз ашып, кәсібімді бастағалы отырмын. Бұл кәсіптің менің қолымнан келетініне сенемін. Өйткені, 15 жылдан астам уақыт ер адамдардың шашын қиып, шаштараз шебері қызметін көрсетіп келемін. Бүгінде білімімді тереңдету мақсатында әйел адамдардың да шаш қию үлгісі бойынша шеберлік сағаттарында болып, түрлі сәндік курстарды оқудамын. Барлығы бірден бола қоймайды. Жетістікке жету үшін ең бірінші еңбек, сосын шыдамдылық қажет. Алла қаласа, алдағы күндерде өз шаштаразымды ашуды жоспарлап отырмын. Қазіргі таңда кәсібіме қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға тапсырыс беріп қойдым. Алған қаржым толығымен осы заттарға жұмсалды. Жеңілдетілген несиеге қол жеткізу үшін Қандыағаш қалалық әкімші-лігінің мамандарына, оның ішінде қала әкімінің орынбасары Жандос Құлбаевқа алғыс айтамын. Себебі барлық құжаттарымызды дайындауға көп көмегін көрсетті.
Тахир НАРАНБАЕВ, зейнеткер:
Құлпынай кәсібін қолға алмақпын
— Мен ес білген сәттен бастап бау-бақшалық іспен айналысып келемін. Бүгінде зейнеткермін. Бірақ зейнеткермін деп қарап отырар жайым жоқ. Аудан тұрғындарына беріліп отырған бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, кәсіп ашуды қолға алып отырмын. «Ауыл аманаты» жобасы аясында Қандыағаш қаласындағы үйімді кепілге қойып, 2,5 пайыздық несие алдым. Жылыжай салу үшін маған 5 млн теңгеге жуық қаржы қажет болды. Бүгінде 4 млн 600 мың теңге көлемінде қаржыға қол жет-кізіп, жылыжай кешенінің құрылысын бастап кет-тік. Балаларым жылыжайдың іргетасын құйып жатыр. Қажетті құ-рылыс материалдарының бәрі сатылып алынды. Қаржыға іргетас-қа қажетті цемент, арматура, қиыршық тас, суға шайылған құм секілді материалдарды алдық. Жылыжай жабындысы да дайын. Жылу беру жүйесі де талапқа сай болуы керек. Біз салып жатқан жылыжай шағын. Жалпы көлемі 24 шаршы метрді құрайды. Жылыжай ішіне қайта-қайта өнім беретін көп жылдық құлпынай егуді жоспарлап отырмын. Бүгінде құлпынайдың көшеттері гүлдеп, түйнек салып жатыр. Өзім бағбаншылықпен айналысып жүргеннен кейін құлпынайдың күтімі мен үшін қиындық тудырмайды. Менің үйімнің ауласында жеміс ағаштарының түр-түрі бар. Оларды түйнектен бастап күтіп, будандастырып, баптап өсіремін. Еңбектену үлкен мұраттарға жеткізеді. Жастарға да айтарым, еңбек етуден шаршамаулары керек. Мемлекет беріп тұрған мүмкіндікті пайдаланса екен. Бүгінде банктерде берілетін несиелердің пайызы тым жоғары. Алған ақшаңды екі еселеп қайтарып бересің.
Дастан КАДРАЛИЕВ, Қандыағаш қаласы:
КӘСІБІМДІ КЕҢЕЙТУГЕ ЖОЛ АШАДЫ
— Біз бірнеше жылдан бері отбасымызбен тамақтану саласында кәсіппен айналысып келеміз. «Дастархан» мейрамханасының жанынан кондитерлік өнімдерді дайындап, сату мақсатында кәсібімізді кеңейткіміз келеді. Осы орайда «Ауыл аманаты» жобасы біз үшін мүмкіндік болды. Алдағы уақытта Қандыағаш қаласындағы «Жастық» мөлтек ауданынан кондитерлік өнім сататын, сол жерде отырып, шай ішуге болатын жанға жайлы шағын нүкте ашуды жоспарлап отырмын. Жалға алатын ғимараттың ішін жөндеуге, дизайнерлік жұмысын жасауға өз қаражатымызды жұмсадым. Ал кондитерлік өнімдерді дайындауға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға «Ауыл аманаты» арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеп, 4 млн 900 мың теңге алдым. Келесі аптада мен тапсырыс берген құрал-жабдықтар келетін болады. Әрине, бұл біз үшін үлкен көмек болды. Алдағы уақытта алған несиемді толығымен ертерек жауып тастауыма әрекеттеніп, еңбек ететін боламын. Қазіргі таңда қаламызда бұл кәсіптің жүріп кететіне сенемін. Себебі, қаламызда бәсекелестікке қабілетті кондитерлік өнім дайындайтын цехтар көп емес.
Әсем АҚЖАНОВА, Шеңгелши ауылы:
ЖОСПАР — АУЫЛДЫ ТӘТТІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
— Құмжарған ауылдық округіне қарасты Шеңгелши ауылында тұрамын. Өзім көпбалалы анамын. Ауылда азық-түлік дүкенін ашып, шағын кәсіп жасап отыр-ған жайым бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылға үгіт-насихат тобы келіп, бағдарламаның маңыздылығын түсіндірген болатын. Ауыл әкімдері де осы бағдарлама туралы көптеген пайдалы мәлі-меттер айтты. Ойлана келе, аталған жоба ая-сында неге кәсіп ашуға беріліп тұрған мүмкін-дікті пайдаланып көрмеске деп шештім. Осы уа-қытқа дейін шағын дүкеніме тәтті өнімдер мен бәліштерді қалалардан тапсырыспен алдырып отыратын едім. Енді қа-ладан тәттілерге тапсырыс бермей-ақ, өзім пі-сіруді жоспарлап отырмын. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдағы үйім мен дүкенімді кепілдікке қойып 5 млн 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алдым. Бүгінде кондитерлік өнім-дер пісіруге қажет-ті барлық тұрмыстық техникаларды, қажетті шикізат өнімдерін, яғни ұн, май, салмаға қажетті кремдер сатып алдым. Ауылдағы уақытта пісі-ріп бастайтын боламын. Әзірге ай сайын қанша қаржы төлейтінімді біл-меймін. Кәсібімді бір жолға қойып, жүргізіп алғанша 6 ай төлемеуге мүмкіндігім бар екен.
Арыстан АРТЫҚБАЕВ, Қайыңды ауылы:
3 ГЕКТАР ЖЕРГЕ КАРТОП ТҰҚЫМЫ СЕБІЛУДЕ
— «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылшаруашылық саласының көкөніс егу бағытын дамытуды қолға алып отырмын. Аталған жо-ба арқылы 3 млн 900 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім. Кепілдікке ауылдағы өзім тұратын тұрғын үйімді қойдым. Жеңілдетілген несие біз секілді ауыл жастарына мол мүмкіндік береді. Несиені алу барысында құжаттарды дайындап, тапсыру жұ-мыстарына ауыл әкімі Нұрболат Жалғас көп көмегін тигізді. Бүгінде 3 гектар жер жыртылып, картоп тұқымы себілуде. Тұқым себу жұмыстары аяқталуға жақын. Белгіленген аумаққа егілген картопты суаруда еш-қандай қиындықтар болып жатқан жоқ. Ауылдың айналасында суға толы сай-сала баршылық. Картопты осы сайлардағы сумен суарамын. Бұйырса, күзде алған өнімдерімді бірінші ауыл тұрғындарына, сосын Ембі аумағындағы бізге жақын елді мекен тұрғындарына тиімді бағамен сатуды жоспарлаудамын. Ол енді уақыттың еншісінде. Көп өнім алу үшін көп еңбектену қажет. Әрине, егіншілік, бау-бақшалық оңай жұмыс емес. Бірақ оңайлықпен нан таба алмайтынымды білемін. Кәсібімнің берекелі болатынына сенім артамын.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ