«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

ӘРБІР ЖУРНАЛИСТІҢ АҚПАРАТ АЛАТЫН «ӨЗ АДАМДАРЫ» БОЛАДЫ. ОЛ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ДЕ ҚАТЫСТЫ. СҰРАҒАН МӘЛІМЕТ ПЕН РЕСМИ АҚПАРАТТЫ ТЕЗ ӘРІ ТОЛЫҚҚАНДЫ БЕРЕТІН БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ ТІЛШІЛЕРІМЕН ТЫҒЫЗ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА. ӘРИНЕ, СҰРАҒЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРМЕЙ, ТЕЛЕФОН СОҚСАҚ КӨТЕРМЕЙ, ІЗДЕП БАРСАҢ ҰСТАТПАЙ, ӘЛЕККЕ САЛАТЫНДАР ДА ЖОҚ ЕМЕС. СОЛ СЕБЕПТІ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА ГАЗЕТПЕН ТЫҒЫЗ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮК ТЕ «ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМЕС» ЕКЕНІН, МӘЛІМЕТ БЕРУ ҮШІН УАҚЫТ СОЗУДЫ ҚАЖЕТ ДЕП ТАППАЙТЫН ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНДАРЫН СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ…

Қойсын ҚУАНОВА, Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы:

Менің мемлекеттік қызметке келгеніме биыл 18 жыл болды. Осы қызметті атқарып жүріп, 3 баланың анасы атанып, бір шаңырақтың түтінін түзу жаққан келін атандым. Қызметімде де абыройлымын деп ойлаймын. Бұлар менің өмірімдегі ең үлкен жетістігіммен, еңбегімнің жемісі деп білемін. Мемлекеттік қызметкекелгенде барлық білімім мен күш-жігерімді еліміздің дамуы жолына арнаймын деп түйдім. Бұл жылдар арасында мемлекеттік қызметтің қызығы мен шыжығына куә болып, ыстық-суығына талай мәрте шыңдалып, ілгері жылжып келемін. Бұл қызметтен сабыр мен ұстам, шыдам мен төзім, пайым мен парасаттылықты, ізгілік пен мінезділікті үйрендім. Қандай да бір жағдай болмасын адамдық қасиетіңнен танбауды өзімнің басты ұстанымыма айналдырдым. Әр күніміз бір-біріне ұқсамайды деп айта аламын. Біріне-бірі ұқсамайтын әр күннен сабақ ала жүру керек. Әр іс-әрекетің өміріңе тәжірибе. Қазіргі технология дамып, цифрландыру күн санап жаңарып дамып келе жатқан шақта даму толқынына ілесіп, біліміңді де толықтырып отыру басты міндет. Алдымен бүгінгі күннің аса шұғыл тапсырмаларын қарап, оларды мұқият орындап, тиісті органдарға жіберемін. Халықпен жұмыс жасау барысында көпшіліктің көңілінен шығу оңай емес. Тұрғындардың сауалдарына жауап беру, сұраған қызметтерін лезде орындау, кеңес беру, секілді жұмыстар лек-легімен жүріп жатады. Мұндай сәттерде өз сауалына жауап тапқан адам ризашылығын білдіріп, алғысын айтып жатса, төбең көкке жетіп тұрады. Кей кездері керісінше жағдайлар да орын алып жатады. Мұндай кезде ең керегі — сабыр. Жолыңда кездесетін қиындықтармен ұстамды қалыпта бетпе-бет келіп, сабырмен шеше білу мінезді адамның ғана қолынан келеді деп білемін.

Ауыл ішінде болып жатқан жаңалықтарды аудандық газетке және өзге де ақпарат көздеріне жіберіп, тиісті мамандарға айтып, жариялау өрісті кеңейте түседі. Бір жағынан ауылдың тыныс-тіршілігін, даму үдерісін, жұмыстану барысын газетке жариялап отырсақ, өзімізге де жақсы емес пе?! Сол үшін үнемі баспасөз қызметкерлерімен тығыз байланыс ұстап отырамыз. Аты-жөнімізді газет бетінен көргенде, шын қуанады екенсің. Жасалып жатыр-ған жұмыстарды, өзгерістерді, жоспарларды бөлісу біздің бір міндетіміз болғандықтан журналистермен әріптестік байланыстың маңызы жоғары. Тілшілер де, мемлекеттік қызметшілер де мәртебелі мамандықтың қатарында, бір толқында жүретін нағыз кәсібиліктің нышаны. Осы орайда өзімнің жүрекжарды тілегімді өлең жолдарымен жеткізсем деп едім.

Ел үшін адал, мінсіз етер қызмет,

Көрсете білу үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Отанды сүю, Тәуелсіздік туын тік ұстау

Мемлекеттік қызметке артылған басты міндет.

Елге қызмет ету үшін болу керек, шын ықылас, адал ниет.

Абырой, бедел, алғыс бата сонда тиед(і)

Ілесе жүріп зырлаған заман көшіне — өркениет

Адам бола білу қабілет, адам боп қалу қасиет.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жаңа форматы: қазақстандықтар ол туралы не білуі керек

admin_mugalzhar

Жолдау тікелей эфирден көрсетіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.