«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ШЫҢДАДЫ

ӘРБІР ЖУРНАЛИСТІҢ АҚПАРАТ АЛАТЫН «ӨЗ АДАМДАРЫ» БОЛАДЫ. ОЛ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ДЕ ҚАТЫСТЫ. СҰРАҒАН МӘЛІМЕТ ПЕН РЕСМИ АҚПАРАТТЫ ТЕЗ ӘРІ ТОЛЫҚҚАНДЫ БЕРЕТІН БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АУДАНДЫҚ БАСЫЛЫМНЫҢ ТІЛШІЛЕРІМЕН ТЫҒЫЗ ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТА. ӘРИНЕ, СҰРАҒЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРМЕЙ, ТЕЛЕФОН СОҚСАҚ КӨТЕРМЕЙ, ІЗДЕП БАРСАҢ ҰСТАТПАЙ, ӘЛЕККЕ САЛАТЫНДАР ДА ЖОҚ ЕМЕС. СОЛ СЕБЕПТІ МЕРЕКЕЛЕРІ ҚАРСАҢЫНДА ГАЗЕТПЕН ТЫҒЫЗ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮК ТЕ «ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМЕС» ЕКЕНІН, МӘЛІМЕТ БЕРУ ҮШІН УАҚЫТ СОЗУДЫ ҚАЖЕТ ДЕП ТАППАЙТЫН ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНДАРЫН СӨЗГЕ ТАРТТЫҚ…

Тұрғанай БЕРКАЛИНА, Жұрын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

Мемлекеттік салада қызмет етіп жүргеніме биыл 18 жыл толды. Ең алғаш әкімшілік есігін 2003 жылдан бастап ақылы қоғам қызметкері ретінде ашқан едім. Сол уақыттан бастап мемлекеттік қызметтің қоғам үшін қандай маңызы барын түсініп, осы қызметті әрі қарай жалғастыруды жөн көрдім. 2005 жылдың наурыз айында мен әкімшіліктің жетекші маманы қызметіне тағайындалдым. 2008 жылы бас маман қызметіне ауыстым. Міне содан бері, халық пен биліктің ортасында көпір болып, барымызша еңбек етіп келеміз. Әркім өзінің сыншысы емес пе?! Мен де осы жылдар ішінде біраз шыңдалып, тұлға ретінде қалыптаса бастадым. Заң аясындағы ескеру керек дүниелерді, мемлекеттік мәселелерді, құжаттау рәсімдерін, билікпен, ақпараттық құ-ралдармен қалай байланыста болу керектігін, халықпен халық арасында жүріп қалай жұмыс атқару керек екенін, өз-өзімізді ұстау, мінезді байыппен, сөзді салмақпен сөйлеу дегеннің бәрін осы жылдар ішінде бойыма сіңіре білдім. Жалпы мемлекеттік қызмет деген – мемлекеттік органдарда биліктің міндеттерін орындаумен қатар лауазымдық өкілеттіліктерін жүзеге асыру. Халыққа адал қызмет етіп, абыройлы болу — басты міндетіміз. Кейбір мәселелерде халық билікке наразы болып, теріс пікірде қалып, ел арасында «әкімшілік қайда қарап отыр?» деген тәрізді «керітартпа» пікірлермен жиі жолығып жатамыз. «Шенеунік» деген сөз жағымсыз ұғымға айналып бара жатқандай, құдды… Бұл дұрыс емес. Бұл сөзге қарап, әкімшілікте қызмет атқаратындар мүлдем жұмыс жасамайды деген сөз емес. Өйткені, халықпен жұмыс жасау өте ауыр, артылатын жүктің салмағы мен жауапкершілік — тің мәнісі жоғары бұл істе. Жиі сынайтындардың да қатары аз емес.

Дегенмен сынға сына берсең, сөздің соңынан ере берсең, жұмысыңның ке- рі кетері анық. Кей кезде осындай мәселелер керісінше, бізді шыңдай түседі. Осы орайда айтқым келіп отырғаны, жұмыстың жемісін де, барысын да көрсетіп отыратын негізгі құралымыз — ақпарат көздері. Біз газетке жиі жаңалықтарымызды ұсынып отырамыз. Өзім республикалық, облыстық, аудандық баспасөзге жазылу науқанымен де айналысамын. Шыны керек, өзіміздің аудандық «Мұғалжар» газетіне қарай бүйрегіміз бұрып тұрады. Себебі газет – жаңалықтың жаршысы. Ауылымызда ашылып жатқан жаңа нысан, жасалып жатқан істер, болып жатқан жағымды жаңалықтарды бірден аудандық газетке жолдап отырамыз. Аппарат жиналысында көптеген мәселелер айтылып, басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар пысықталады. Бұл қызметте жұмысты үйлестіре алу — басты қағида. Осы салада жүргеннен кейін этикалық ережелерді де қатаң ұстануымыз керек. Себебі, бізде «Әдеп жөніндегі кодекс» бар, сол жерде барлық негізгі ережелер көрсетілген. Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының адал және тиянақты жұмысы — мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына тікелей әсер ететін өзегі.

Бұл қызметте жұмыс атқаратын маман өз еліндегі міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жағына үлгі болуға тиіс деп ойлаймын. Мамандығымды өзімнің мақтанышым санаймын.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда баспана жалдауға субсидия беріледі: Өтінім қабылдау іске қосылды

admin_mugalzhar

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ЖАҢА КЕШЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.