«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

134 ауыл және 6 шағын қала қатысып жатыр

«Ауыл аманаты» жобасына облыстың барлық ауданының, нақтырақ айтқанда134 ауылдық округ пен  6 шағын қаланың тұрғындары қатысып жатыр.  Бүгінде жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгеге 1176 жобаның құжаттары мақұлданып, 2,4 миллиард теңгеге 575 несие берілген.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Брифингке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бағдат Қожамұрат пен облыстық жобаларды басқару департаментінің несиелеу бойынша маманы Мира Шунаева қатысты.

— Несиенің негізгі шарттарына тоқталатын болсақ, жоба аясында ауыл тұрғындарына пайыздық мөлшерлемесі 2,5 пайыз үстемеақымен жеңілдетілген несие беріледі. Несиенің шекті көлемі — 2,5 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 7 657 500 теңгеге дейінгі қаражат. Ал кооперацияларды дамытуға берілетін қаржы —  8 мың айлық есептік көрсеткіш (24 504 000 теңге), — деді Бағдат Қожамұрат.

Несие мал, құс,өсімдік шаруашылығын дамытуға, кооперативтерді жабдықтауға және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бағытында шағын кәсіпкерлік ашуға ниет білдіргендерге беріледі.

— Несиені алу үшін кепіл қою және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті. Несие кепіл құнының 70 пайызына беріледі, — деді Мира Шунаева.

Жобаның ерекшелігі — екінші деңгейдегі банктер кепілге алмайтын ауылдық елді мекендердегі жылжымайтын мүлікті кепілге қою мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда жобаны қаржыландырудың негізгі операторы болып «Ақтөбе» ӘКК» АҚ анықталып, өтінім берушілерден құжаттар қабылданып жатыр.

Бүгінде жалпы сомасы 4,8 млрд теңгеге 1176 жобаның құжаттары мақұлданып, 2,4 млрд теңгеге 575 несие беріліпті.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірімізде алғаш рет мал шаруашылығын дамыту мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарға тауарлық несие беру бастау алды.

— Қазір ірі шаруашылықтар есебінен жалпы саны 6 мың бас тауарлы несие беру жұмыстары басталып кетті.

Бүгінгі күні, тауарлы несие бойынша 315 отбасыға мал берілді, — деді Бағдат Қожамұрат.

Айта кету керек, тауарлық несиенің ерекшілігі алынған малдың қайтарымы ақшалай емес төл есебінен болады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

admin_mugalzhar

ТОҒЫЗ КЕЛІН ТҮСІРГЕН МӘРИЯ ӘЖЕ

admin_mugalzhar

Өткен жылы 8,2 млн көрермен отандық фильмдерді тамашалаған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.