«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы қаралған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша жиын өтті.

Басқосуға мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері, облыстық мәслихат және тиісті сала өкілдері қатысты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректері бойынша есепті кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамудың 7 негізгі көрсеткіштің 5-уі толықтай орындалды.
Осылайша, ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 100,2%,  инвестициялар – 103%, құрылыс жұмыстары – 111,8%, тұрғын үйді іске қосу – 104,6%, көлік және қоймалау – 116,3% құрады.

Дегенмен, өнеркәсіптік өндірісте, көтерме және бөлшек сауда айналымында төмендеу байқалады.

Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдауды, бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Оның ішінде, инвестициялар ағынын ұлғайту, жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барысын қатаң бақылауға алу бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Ақтөбе қаласының әкімдігі жолдарды жөндеу қарқынын жеделдетуі тиіс.

Сондай-ақ, өңір басшысы ағымдағы жылы жөндеумен қамтылатын облыс орталығының аула аумақтарының санын көбейтуді тапсырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЗАРДАБЫ: ШАЙҚАЛҒАН ШАҢЫРАҚ, ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

admin_mugalzhar

КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҚҚАН ҰЛБОЛҒАН

admin_mugalzhar

СЕССИЯ: АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАЛАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.