«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЫҢ ТАҚЫРЫПТАР САРАЛАНАДЫ

Қоғамның жаршысы болған «Мұғалжар» газеті қай салада болмасын халыққа таза ақпарат тарататын басылым деп білемін. Бүгінде интернет желісінде ақпарат тарататын заманауи тәсілдерінің көптігі сондай, айтылған хабар лезде жер-жерге тарап жатады.
Түрлі ақпараттық желіні кеңінен пайдаланатымыз рас, дегенмен тарихи маңызы бар де ректеріміздің газет беттеріне басылып қалғаны дұрыс, себебі газет өз маңыздылығын еш уақытта жоймайды.
Талғамы жоғары оқырманға қашан да ақпараттарды газет бетінен оқу ерекше әсер қалдырады. Өйткені газетке таңбаланған тарихтың әр сөзінің мағынасы зор. Басылым арқылы аудандағы күрделі мәселелер жайын кез келген уақытта газет бетінен оқуға болады. Сонымен қатар осы тұста ықпалы ерекше, қоғамдағы түрлі мәселелердің мағынасын ашып, назар аудартып, алдағы келеңсіздіктерді шешуде белсенділік танытып, қай ақпарат болмасын бүге-шегесіне дейін тексеріп, жүйелеп, ақиқатына жетіп жүрген журналистердің де ерен еңбектерін атап айту керек. Газет журналистері оқырманның ойында жүрген тың тақырыптарды көтеріп, мәселеге мән артып, үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Көп жылдар бойы музей саласы бойынша дәстүрлі музей қорына жинақталатын құнды жәдігерлердің тарихына мән бере отырып, әркез аудандық газетке басылымға беремін. Бұл менің күнделікті жұмысымның болашақта тарих беттерінде қалатынын көрсетеді. Себебі бүгінгі газет бетіне басылған тың мақала болашақта тарихи жәдігерге айналары сөзсіз.
Анархан ЖӘНІБЕКОВА, Ағайынды Жұбановтар музейінің қызметкері.

Ұқсас ақпараттар

ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚАТЫСТЫ

admin_mugalzhar

АЭС САЛУ — ҮЛКЕН ТӘУЕКЕЛДІ ШЕШІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.