«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА: ОНЛАЙН-САУАЛНАМА БАСТАЛДЫ

«Атамекен ҚР ҰКП» елдегі кәсіпкерлік ахуалды зерттеуге бағытталған сауалнаманы бастады.

Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізу жағдайын талдау және салыстыру мақсатындағы сауалнама нәтижесі базалық ақпарат ретінде пайдаланылып, Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсартужөніндеөңірлер, қалалармен аудандар бөлінісінде кәсіпкерліктің дамуын талдау және бизнесті дамыту үшін кедергілерді ескере отырып ҰКП жәнемемлекеттікоргандарүшін ұсыныстар әзірленеді.

«Сауалнама нәтижелері елдің жоғары басшылығының назарына толық көлемде жеткізіліп, кез келген адамның пікірі ескеріліп қана қоймай, іске асырылатын болады», — деп сендіреді жауапты мамандар. Биылғы сауалнаманың ерекшелігі онлайн форматта өтеді. Демек, зерттеуге респонденттердің кең ауқымы қатыса алады.

Сауалнамаға қатысам деген азаматтар http://businessclimate2023.tilda.ws/ сілтемесі арқылы және компьютер немесе смартфон арқылы анкетаны толтырып, әрі қарай бірнеше сұраққа жауап береді. Аталмыш зерттеу 20 шілдеге дейін жалғасады.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

1991 жылдан бері қанша этникалық қазақ атажұртқа оралғаны белгілі болды

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗ — ЕЛДІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

admin_mugalzhar

DIGITAL QAZAQSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.