«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мұғалжар ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтың төрағалығымен өткен отырыста 3 мәселе қаралды.

Жұмыссыз әйелдерді аудандық мансап орталығы арқылы белсендік шараларға тарту бойынша жүргізілген жұмыстары туралы және отбасының әл-ауқатын, халықтың табысын арттыру бағытында әйелдер мен ерлер арасындағы жұмыссыздық, өзін-өзі жұмыспен қамту шараларына тұрақты түрде мониторинг жүргізу бойынша аудандық мансап орталығы басшысының міндетін атқарушы Ғалым Дәрімбетов баяндады.

Мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, егде жастағы адамдарды әлеуемттендіру шаралары туралы жұмыстарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы м.а. Әлия Мухиева тоқталып өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Бекболат Қалдыбайұлы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Президенттің 2024 жылғы жолдауын жүзеге асыру: республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы аясында 1350 түп ағаш отырғызылды

admin_mugalzhar

СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.