«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

23, 24 және 25 ақпанда Kaspi Жұма өтеді

23, 24 және 25 ақпанда Kaspi.kz-тің оныншы бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұма өтеді.zakon.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

-«Біз әрдайым Kaspi Жұма тиімді сатып алу мерекесі туралы көптеген алғыс пікірлер аламыз. Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз мерекені жиі өткізіп тұруды сұрайды. Биыл Kaspi Жұманы үш рет – қыста, жазда және күзде өткіземіз. Қысқы Kaspi Жұма 23, 24 және 25 ақпанда өтеді. Тиімді сатып алу мерекесіне үздік қазақстандық және халықаралық брендтер, сондай-ақ еліміздегі танымал дүкендер қатысады. Сүйікті клиенттеріміздің тиімді сатып алуына, ал серіктестеріміздің керемет сауда жасауына тілектеспіз!», — Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі.

Зергерлік бұйымдар, бижутерия, парфюмерия, косметика, киім және аяқкиім, тұрмыстық техника, электроника, үйге және жөндеуге қажет тауарлар –осының бәрін және тағы басқасын еліміздің танымал дүкендерінен және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен сатып алуға болады.

Мерекеге шағын және орта бизнестің он мыңдаған компаниялары, сондай-ақ Adidas, ADILI, Alina Group, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, Қазақювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Leroy Merlin, Nike, Pandora, Qazaq Republic, RESPECT, Sabaq.online, Sman, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit, 12 МЕСЯЦЕВ сияқты жетекші қазақстандық және әлемдік брендтер және басқасы қатысады.

Kaspi Жұма – отандық бизнес үшін, әсіресе шағын компаниялар үшін үлкен оқиға. Үш күн бойы болатын бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесінде қазақстандық кәсіпкерлер өз сатылымдарын бірнеше есеге арттырады. Осының арқасында бизнес дамуын жалғастыруда, еліміздің экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Ұқсас ақпараттар

МАМАНДЫҒЫ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН ЖАН

admin_mugalzhar

ҰБТ: ӨЗГЕРІС және МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.