«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау қашан аяқталады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті, деп хабарлады turkystan.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталды. 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҚСЫ ЕНЕ АНАҢДАЙ, ЖАҚСЫ КЕЛІН ҚЫЗЫҢДАЙ

admin_mugalzhar

Армия аналардың көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4000-нан астам адам келді

admin_mugalzhar

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

admin_mugalzhar