«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ

Соңғы уақыттарда ауданда туберкулез ауруына шалдыққандардың саны артқан. Бұл туралы ауданның санитариялық мамандары хабарлады. Олардың берген мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 6 айында 15 жағдай анықталған. Ал өткен жылы осы уақытта 12 жағдай тіркелген екен.

2023 жылы туберкулез ауруына шалдыққандардың 83,3%-ы тыныс алу ағзалары туберкулезін жұқтырған. Оның  ішінде 16,7%-ы туберкулездің бактерия бөлетін түрімен сырқаттанып қалған.

— Бүгінде аудан бойынша жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткіш 69 пайызды, балалар арасында 4,8 пайызды құрап отыр. Ал өткен жылы осы уақытта жасөспірімдер арасында да, балалар арасында да аурушаңдық көрсеткіші анықталмаған еді. Сонымен бірге мектеп оқушылары арасында туберкулезге шалдыққан бір бала анықталды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін бүгінде балаларға манту сынамасы қойылуда. Аудан бойынша 8956 балаға манту сынамасын салу жоспарланған болатын, бүгінде 8506 балаға манту беріліп, қамтылуы 95 пайызды құрап отыр, — деді бөлім басшысы Радина Иржанова.

Балалар арасында індеттің алдын алу үшін сауықтыру шараларының уақытында өткізіліп тұруы маңызды екенін айтқан ол 2023 жылдың 6 айында жалпы саны 16 баланың сауықтыру орындарына жолданғанын жеткізді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Холодные массы вторглись на территорию Казахстана

admin_mugalzhar

Таза Қазақстан: Ақтөбеде жастар тарихи ескерткіштерге қамқорлық көрсетті

admin_mugalzhar

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.