«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 1349 АДАМ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

Атаулы әлеуметтік көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Қолданыстағы ереже бойынша атаулы әлеуметтік көмек әр жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен азаматтарға тағайындалады.

Аудандық мансап орталығының мамандары 2023 жылдың 4-тоқсанына кедейлік шегі 33 214 теңге, күнкөріс деңгейі 47 449 теңге құрағанын айтады. Олардың берген мәліметінше, аудан бойынша қазан айында атаулы әлеуметтік көмекті 259 отбасында 1349 адам алған.

Оның ішінде шартты ақшалай көмек 204 отбасыға, шартсыз ақшалай көмек 55 отбасыға тағайындалған.

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Осының үдесінен шығу мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алғандар қатарында 21 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам «Жастар практикасы» бағдарламасына, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 11 адам «Мансап» орталығынан тұрақты жұмысқа жолданды. Жыл басынан бері осы санаттағы 3 тұрғынға қайтарымсыз грант берілді. Ал бір отбасы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несие алуға ниетті, — деді «Мансап» орталығының басшысы Ғалым Дәрімбетов.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Эммануиль Макрон Францияда өткен президент сайлауында жеңіске жетті

admin_mugalzhar

У.КОЙШИГАРИН: ОТКРЫТЬ СВОЕ ДЕЛО МОЖНО — БЫЛО БЫ ЖЕЛАНИЕ

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ – ОҢ ӨЗГЕРІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.