«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев ауданға жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аудандық мәслихат төрағасы Б.Кадралин мен аудан әкімінің орынбасары Б.Құлмағамбетов «Самал» м/а жаңадан салынып жатырған 600 орындық мектеп құрылысын көрсетті. Сенатор құрылыс жұмыстары баяулап қалған білім ордасын жауапты мердігер мекеме басшылығына құрылыс жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Б.Кадралин аудан тұрғындарының атынан Сенат депутаты Б.Қаниевке ауданға қажетті бірнеше өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуді сұрады.

Сондай-ақ Сенат депутаты Қандыағашта жаңадан іске қосылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және күрделі жөндеуден өткен аудандық аурухананың жұмыстарымен танысып, дәрігерлердің бірнеше ұсыныстарын қабылдады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды

admin_mugalzhar

Киіз басып, текемет тіккен әже

admin_mugalzhar

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

admin_mugalzhar