«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАРЫСҚАН ЖАС

Мерекелеріне орай мұғалжарлық қайырымды жастарды іздедік. «Оң қолың бергенді сол қолың білмесін» дегенді ұстанған мейірімді жандар «жақсылықты жасырып жасаушы едік» деген уәжді алға тартты. Дегенмен, «көпке үлгі болу керек, бәлкім сізге қарап өзге жастар да осы іске тартылар» деген біздің де дегенімізге ден қойған қандыағаштық Болат ІЗБАС жақсылық жасаудан жарысып жүрген жас.

2015 жылы Мұғалжар гуманитарлық техникалық колледжін электрмен қамтамасыз ету және цифрлық қауіпсіздікті қамту мамандығы бойынша аяқтаған Болат бүгінде кәсіпкер. Мемлекеттік мекемелерге бейнебақылау, өрт-күзет дабылын, және басқа да қауіпсіздік жүйелерін орнатумен айналысады. Ал қайырымдылық жасауды 2018 жылдан бастап қолға алыпты. Алғашқы уақытта тапқан қаражатының жартысына аз қамтылған отбасыларға сыйлық және киімдер алып беріп жүрген.

Қайырымдылықпен айналысуыма өзімнің ата-анасыз өскендігім себеп болған болар, сірә. Мен секілді адамдар аз емес. Сол себепті мектептерге жұмыспен барған уақытта үнемі қарап, бақылап, аз қамтылған отбасының балалары болса, сол бала туралы мәлімет жинаймын. Содан кейін сол балаға, оның отбасына қалай көмектесуге болатынын ойластырамын. Бұл бастамамды ары қарай достарым, таныстарым қолдады. Негізі бізде бәрі жасырын жасалатын. Көмек қолын созсақ та, оны жарияға жар салмау керек деп білеміз, — дейді Болат.

Ол 2020 жылы инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы «Асар Үме» қоғамдық қорының басшыларымен кездесіп, жоспарларымен бөліседі.

Жақын таныса келе білгенім, олар өте керемет жандар екен. Маған бірден тұрғын үй алып беру үшін Қандыағаш қаласынан отбасы қарауымды өтінді. Арнайы талаптарына сай екі отбасын анықтап, мәлімет жібердік. Арада екі жыл өткеннен кейін биыл Қандыағаш қаласының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты ана баспаналы болды, — деді ол.

Айта кету керек, «Асар Үме» қоры 4 жыл бұрын құрылған. Осы уақыт аралығында ел бойынша 3500 отбасын қуантып, баспаналы болуға көмектескен.

Менің мақсатым — Қандыағаш қаласынан мұқтаж жан қалдырмау. Осы жолдағы жұмысым әрі қарай жалғасатын болады. Тағы бір мақсатым, әрине, жеке кәсібімді дамытып, еліміздің өркендеуіне үлесімді қосу, — дейді қайырымды жігіт.

Ұқсас ақпараттар

ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, ЖЫРДАН ШАШУ ШАШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Ертең Үкімет отырысы өтеді

admin_mugalzhar

10 ұлттық жоба аясында 203 мың жұмыс орны ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.