«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, биыл қыркүйектің 1-інен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады», – деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Ұқсас ақпараттар

Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ЕЛІМІЗДЕ 100 ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.