«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанға келген туристер саны 2,3 есе ұлғайды

2023 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға келген шетелдік турист саны 2,3 есе ұлғайды, деп хабарлады turkystan.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, биылғы қаңтар-наурыз аралығында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келген. Бұл 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстанға 97 мың шетелдік келген.

Алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20%-ға артты. Қаңтар-наурыз аралығында 1 млн 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.

«Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты»,- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Ұқсас ақпараттар

АЛҒАШ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЕСТЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕКЕСІ

admin_mugalzhar

АТАЛЫ ЕЛ — АНАДАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.