«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙТАЛАМА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ

Аудан прокуратурасымен пробация есебіндегілер арасында жаңадан құқық бұзушылықтардың және қайталама қылмысты жасауының алдын алу мақсатында аудандық пробация бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдануда.
Атап айқанда, 3-18 тамыз аралығында прокуратураның бастамасымен пробация бақылауында тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шарасы өткізілді. Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған 1 тұлға қайталама қылмыс жасап, сотпен жүктелген келу міндеттерді орындамай, заң бұзушылықтарға жол бергендігі анықталды. Аталған тұлға жүргізілген профилактикалық жұмыстармен өзіне оң нәтиже шығармаған, сол себептен пробация қызметімен аудандық сотқа оған қатысты бас бостандығынан шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ұсыныс жолданып, жазасы қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесіне ауыстырылды. Бұдан басқа, аудан прокуратурасымен және пробация қызметімен құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында есепте тұрғандардың туыстарымен, оларға ықпал жасай алатын адамдармен қылмыстың алдын алу жұмыстары жөнінде профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, қайталама қылмыстар жасамау және қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы айтылып, ескертілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында.

Ұқсас ақпараттар

Байқау! Байқау! Байқау!

admin_mugalzhar

СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.