«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒАДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

Қазақтың салт — дәстүрін ерекше кадірлейтін ауылдардың бірі — Саға ауылы. Аталған ауыл биыл да Наурыз мерекесін ерекше тойлады.
Наурыз мерекесінде Саға орта мектебінің және «Мөлдір» бөбекжай-бақшасының ұжымы ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырды. Олар қазақ күресі мен қол тіресінен сынға түсіп, гір көтеруден жарысып, арқан тартып өз мықтылықтарын ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал ауыл тұрғындары мерекелік кеш ұйымдастырып, қазақтың салты мен дәстүрі жарасқан тұсау кесу, бесікке салу секілді сахналық қойылым қойды. көріністер қойылды. Мектеп директоры Б.Х.Жангелдин мен балабақша меңгерушісі К.С.Қалиева Наурыз-думан мерекесін ұйымдастырған ауыл тұрғындарына үлкен алғыстарын жеткізді.
Кеш соңында округ әкімі Мейрамбек Боқашев аталған мекеме ұжымына өз алғысын білдіріп, марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа мереке бекіту ұсынылды

admin_mugalzhar

ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.