«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТАМЕКЕН ЕСКЕРТЕДІ: «КӨМЕКШІЛЕРДЕН» АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Соңғы кездері елімізде алаяқтық белең алуда. Осы орайда, ақша үшін грант алуға көмек ұсынатын Атамекен» палатасының атын жамылған «көмекшілер» қатары да көбейген.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнес пен халықты сыйақы үшін «Атамекеннен» қаржылық мемлекеттік қолдау (грант) алуға кепілдік беретін, ақылы оқыту семинарлары мен консультациялар өткізетін, несиелерді ресімдеуге көмектесетін алаяқтарға сенбеуге шақыруда.

Бизнеске қатысты сұрақтарыңыз бойынша «Атамекеннің» өңірлік кеңселеріне келіп, жауап алуға болады. Оқыту мен кеңес беру «Атамекеннің» барлық қызметтері сияқты тегін жүргізіледі, — деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз хатшысы Альмира Бисекенова.

Мамандар азаматтардан қырағы болуды және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарын (102) алдын ала хабардар етуді, сондай-ақ жеке деректер мен жеке шот нөмірлерін белгісіз тұлғаларға бермеуді сұрайды. Ал өз ісін ашу және бизнес жүргізу мәселелері бойынша кеңес алу үшін «Атамекен» өңірлік кеңселеріне хабарласа алады. Барлық қызметтер ақысыз негізде ұсынылады. ҰКП бірыңғай call-орталығы — 1432 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

РАССКАЗАЛИ О ПРЕИМУЩЕСТВАХ ГОСПРОГРАММ

admin_mugalzhar

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫ ӘСКЕРИ КҮШІ ЖАҒЫНАН РЕЙТИНГТЕ ҚАЙ ОРЫНДА ТҰР?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.