«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Ақтөбе» футбол клубы соңғы 7 жылда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінді

Футболдан Қазақстан чемпионатының 26-туры аясында ақтөбеліктер өз алаңында алматылық «Қайрат» клубын қабылдап, ірі жеңіске қол жеткізді.

Маусымның ақырғы матчына өңір басшысы Ералы Тоғжанов келіп, командаға қызу қолдау танытты.

Ойын ақтөбелік жанкүйер Азамат Бекетовты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ал матчтың үзілісінде Қазақстан чемпионы атанған «Ақтөбе-2013» балалар командасы мен Оралда топ жарған “Академия жастары” алтын медальмен марапатталды.

Әсерлі ойынның нәтижесінде «Ақтөбе» «Қайратты» 4:1 есебімен тас-талқан ұтты. Клуб 7 жылда алғаш рет күміспен күптеліп, ел чемпионатының жүлдегерлері қатарынан көріне білді.

Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы матчтан соң ойыншыларды жетістігімен құттықтап, оларға жаңа белестер тіледі.

А.ІЛИЯС, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауына қандай ұйымнан қатысатынын айтты

admin_mugalzhar

Сенатор Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.