«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МИЛАНАНЫҢ ТИЫН ЖИНАҒЫШТАРЫ

ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНЕН АҚША ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ МҮСІНДЕГІ ЖИНАҚ САНДЫҚШАЛАРЫНА, КӨПТІҢ ТІЛІМЕН АЙТСАҚ, «КОПИЛКАЛАРҒА»КӨЗІМ ТҮСТІ. БАҒАСЫ ДА ҚОЛЖЕТІМДІ ЕКЕН. БІРДЕН ДҮКЕН ИЕСІНЕН БҰЛ ДҮНИЕНІ ҚАЙДАН АЛДЫРТУҒА БОЛАТЫНЫН СҰРАП ЕДІМ, «ОСЫ ҚАНДЫАҒАШТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ЖАСАЙДЫ, НӨМІРІН БЕРЕЙІН» ДЕДІ. МЕН ДЕ ТЕЗ АРАДА ХАБАРЛАСЫП, ӨЗІ МЕН ӨНЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРУІН ӨТІНДІМ.

Қандыағаштық Милана Көлбай мектепте оқып жүріп-ақ кішкентай кәсібін дөңгелетіп отыр. Кәсібі де қызықты — балаларға арнап гипстен тиын салатын ойыншықтар дайындайды.

Алдымен форманы құрастырып, гипсті дайындап аламын. Ол үшін гипске су араластырып, сұйық қылып, формаға құямын. Солай 2-3 рет гипс езіп алғаннан кейін формаға құйып, копилканың керек қалыңдығын шығарамын. Оның толық кепкенін, шамамен 20-30 минуттай күтіп, формадан аламын. Содан кейін тиын салатын жерін ең үлкен 200 теңгелікпен өлшеп, тесемін. Тиын жинайтын мүсіндер формадан шыққанда сұр түсті, дымқыл болады. Оны күнге не жылы жерге ағарғанша кептіріп қоямын. Әрі қарай тапсырысқа сай бояп, сыйлық пакетке орап, мекенжайға дейін жеткізіп беремін, — деп кішкентай қолөнерші жұмыс процесімен таныстырды.

№3 мектеп-гимназиясында 9-сыныпта оқитын Милана белсенді оқушылар қатарынан. Сондай-ақ мектеп атынан «Қоғамға қызмет» ұйымының мүшесі.

Бұл кәсіппен айналысып жатқаныма бір жылдай болып қалды. Негізі өзім бала кезімнен қолөнерге бейіммін. Адам өзіне ұнайтын нәрседен қаражат тапса, оның несі айып?! Бір жерден алып, екінші жерге сатып жатқаным жоқ. Өзімнің маңдай терім, қолымнан шыққан бұйымдар. Бүгінде өзімнің клиенттерім де қалыптасып қалды. Қазір тойларға көптеп тапсырыс алып жатырмын. Бұл іспен айналысуға ата-анам қолдамаса, қарсылық білдірмеді. Басты талаптары – кәсібім мен қызығушылығым оқуыма кедергісін келтірмеуі қажет. Мен де қолөнермен сабақтан бос уақытта айналысамын. Болашақта үлкен кәсіп иесі болғым келеді, — дейді оқушы Милана.

Көп балалы отбасынан шыққан қолөнерші қыз үйдің үлкені, артынан ерген сіңлілері мен інісі бар. Оның жасы небәрі 15-те болса да, арман-мақсаттары айқын, талпынысы жоғары. Уақытын бос өткізуін қаламайтын ол отбасына демеу болып, өз қажеттіліктерімен қатар, артынан ерген бауырларына да қолғабыс болып отыр.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 10 градусқа дейін аяз күтілуде

admin_mugalzhar

«Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары»: Францияда отандық көрменің ашылуы өтті

admin_mugalzhar

ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР, ШУАҚТЫ ШАҚТАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.