«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОКСШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Шыңғырлау ауданында бокстан турнир өтті.

Аталмыш турнир КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған 2010-2011 жылғы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Республикалық турнирде ауданның намысын қорғаған қатысушылар үздік нәтиже көрсетіп, спорт шеберіне үміткер (СШҮ) нормативін орындады. Қатысқан 8 спортшының барлығы нәтижелі ойын көрсетіп, жүлделі орындар алды. Атап айтсақ, Дінмұхаммед Рахимов пен Дінмұхаммед Әбдіғаппар І орын иеленсе, Алихан Қартбай ІІ орын, Габдулл Кадыров, Әсет Серік, Мағжан Өтеген, Жәнібекхан Қалданов, Бексұлтан Алдан ІІІ орынды қанжығаға байлады.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Ішкі жалпы өнім өсімі 6%-ға жетті

admin_mugalzhar