«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІКТЕ ТӨРТ КӨШЕ ЖӨНДЕЛУДЕ

Құмжарған ауылдық округінің орталығы Бірлік ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылішілік төрт көшеге асфальт төселді. Бүгінде жол белгілерін қою жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы ауыл әкімі Қанағат Қалиев айтты. Аяқталуға жақын Б.Бірімова, М.Захаров, Достық көшелерінің құрылыс жұмыстарын «Бақдаулет-N» ЖШС-і жүргізуде. Достық көшесіне тас жол төсеу үшін бюджеттен 72 млн теңге бөлінген.

— Б.Бірімова мен М.Захаров көшелеріне жол салу үшін бір жоба дайындалды. Екі көшенің жолын жөндеуге бюджеттен 45 млн теңге бөлінді. Аталған көшелерге асфальт толығымен төселді. Бүгінде жол белгілері қойылып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған жолақтар сызылуда. Ал Мамытов көшесін асфальттау жұмыстары қазан айының аяғында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Жоба құны 35 млн теңгені құрайды, — деді ауыл әкімі Құмжарған Қалиев.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда зейнетақы төлемдері артады

admin_mugalzhar

ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

САДАҚА ЖАСАУ: ЫСЫРАП ПЕН ЫНСАП — ҚОҒАМ ДЕРТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.