«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бүгінде аудан аумағында егін егу науқаны басталып кетті. Аудандық ауылшаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, аудан бойынша егіндік жердің жалпы көлемі 20 970 гектар жерді құрайды.

Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағанбет бүгінде дәнді дақылдардың 4000 гектар жерге егілгенін, оның ішінде 1700 гектар жерге бидай, 1500 гектар жерге арпа, 500 гектар жерге тары, 300 гектар жерге сұлы егілгенін жеткізді.

Аудан шаруалары дәнді дақылдардан бөлек мал азығы үшін жер жыртып, тұқым себуде. 15600 гектар жерге мал азығы егіліп жатыр. Атап айтатын болсам, 5000 гектар жерге біржылдық, 3000 гектар жерге көпжылдық түрлі шөптердің тұқымдары себілді. Сонымен бірге 700 гектар жерге майлы дақылдар, көкөніс шаруашылығы бойынша 365 гектар жерге картоп, 295 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Егін егуге жалпы 33 шаруа қожалығының арнайы техникалары, К-700 маркалы 25 трактор, 24 шынжыр табанды трактор, 26 дөңгелекті трактор және 50 жер өңдеу техникалары жұмылдырылуда, — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда дүйсенбіде 43 градусқа дейін ыстық болады

admin_mugalzhar

ЖЕМДЕ ӨТКЕН НАУРЫЗ ТОЙЫ

admin_mugalzhar

QazCovid-in вакцинасының бірінші партиясы сәуірде шығады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.