«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚЫНДАР ЕЛДІГІМДІ ЖЫРЛАДЫ

Ұлттық мәртебеге ие Республика күні орай, 23 қазан күні Ембі мәдени орталығында «Қыран елім-Қазақстан!» патриоттық акциясы аясында «Қазақстан — туған өлке, Мұғалжарым — алтын бақ!» атты ақындар айтысы өтті.  

Айшықты өнер додасына Ақтөбе қаласынан, Әйтеке би ауданынан және Ембі қаласынан ақындар қатысты. Айтысты Ембі қалалық мәдени орталығының қызметкері Ертай Сарман жүргізді. Семсер тілмен сермескен сөз шеберлері додасында қоғамдағы түйткілді мәселе, астарлы әзіл де орын алды. Сондай-ақ Республика күні мерекесінің тарихы айтыскерлер тіліне тиек болды.
Жарыс нәтижесінде Бас жүлдені ақтөбелік Жәнібек Бейбітов жеңіп алып, 100 мың теңге ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады. Бірінші орын алған Әйтеке би ауданынан келген Қайырхан Жұбаниязов  80 мың теңге, екінші орынды иеленген ембілік Жәнібек Шәлтен 60 мың теңге, үшінші орынға ие болған ақтөбелік Жасұлан Исақаев 40 мың теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Ақындар айтысын тамашалаған аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ақындарға алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Шара соңында Ембі қаласының дамуы мен өркендеуіне үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің және қала әкімі Райымбек Мұсағалидың Алғыс хаттары табысталды.

Ұқсас ақпараттар

АЭС энергияны қажет ететін салалар үшін маңызды

admin_mugalzhar

ҚАНТ ДИАБЕТІ — КӨП АУРУҒА СЕБЕП

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.