«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРТТАРДЫҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРДІ

Мереке қарсаңында Ембі қалалық мәдени орталығы қызметкерлері «Жанашыр жүрек» акциясы аясында облыс орталығындағы Қарттар үйіне барып, қазыналы қариялардың көңілін көтеріп, ән мен жырдан шашу шашты.

Өнерпаздар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен бірге Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағалидың Алғыс хаты мен қарттарға қамқор болған мекемеге арнайы сыйлық табыстады. Мәдени орталықтың директоры Нұржамал Шамуршанова іс-шараның басты мақсаты қамкөңіл қарттарға жылулық сезім білдіру екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚ ТІЛІ — МӘҢГІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТҰҒЫРЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде қолға алынады

admin_mugalzhar

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

admin_mugalzhar