«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӘЙГЕДЕ ОЗА ШАПҚАНДАР

Батпақкөл ауылдық округінде Республика күні мерекесіне орай ұлттық ат спортын дәріптеу мақсатында үш шақырымдық тай жарысы, алты шақырымдық құнан жарысы өтті.

Жағабұлақ жастарының бастамасымен, округ әкімі Мейрамбек Боқашевтің қолдауымен өткен тартысты додаға 12 шабандоз қатысты. Бәйгені тамашалауға Батпақкөл округінің әкімі Мейрамбек Боқашев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Делебені қоздырған дүбірлі додада тұлпарлардың тұяғы сүрінбей, шабандоздар жығылмай, тартысты өтті. Бәйге барысында шабандоздардың жеңіске деген ерекше құштарлығы көпшілікті тәнті етті. Тай жарысында тайы мәре сызығын бірінші болып кескен Есен қайыр Мырзабеков жүлделі орынға ие болды. Ал Сәулет Ерсайынұлының тайы екінші, Қанат Мамытовтың тайы үшінші келді. Алты шақырымға шапқан Манас Жалмағамбетовтың құнаны мәреге бірінші келсе, Еркебұлан Бірімжаровтың құнаны екінші, Байғали Сабырдың құнаны үшінші жетті. Дода жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында ақ дастархан жайылып, айналмалы кубок табысталды. Кеудесінде қазақ рухы кернеген жеңімпаздар өз жеңісін Ұлттық мерекеге арнады.

Ұқсас ақпараттар

«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ»: ЕКІ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

admin_mugalzhar

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

admin_mugalzhar

Аким Актюбинский области Бердибек Сапарбаев посетил ряд объектов Мугалжарского района

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.