«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Ақтөбе қаласында Өнер орталығында Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Онда облыс әкімі Асхат Шахаров облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан, өз саласында зор жетістікке жеткен азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Мерекелік іс-шарада марапат алғандардың қатарында мұғалжарлық азаматтарда болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Энергосистема» ЖШС Ембі электр желілерінің учаскелік электр монтері Дабыл Жалмағанбетов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Ербол Ибраев наградталды.

Дабыл Жалмағанбетов 40 жылға жуып электр желісі саласында еңбек етіп келеді. Ал Ербол Ибраев 33 жылдан бері мұнай саласында абыройлы қызмет атқаруда.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірқатар жаңа бастама ұсынды

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

admin_mugalzhar

Вице-Президентті кім тағайындайды?

admin_mugalzhar