«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМСАЙ МЕН ҚАРАКӨЛГЕ САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

Мұғалжар аудандық ауруханасына қарасты Құмсай және Қаракөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясына санитарлық «УАЗ» автокөліктері берілген. Бұл туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров хабарлады.

Оның сөзінше, аудан орталығынан шалғайда орналасқан аталған ауылдардың санитарлық көліктері әбден тозығы жетіп, жарамсыз болып қалған.

— Бұл көліктер облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы берілді. Ауылдардағы медициналық мекемелерге санитарлық автокөліктің берілуі — ауыл тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды. Бізге келіп жүгінген әрбір науқастың өміріне жауаптымыз. Сол үшін де медициналық қызметтің сапалы берілгені жөн. Бұл жұмыстар алдағы уақытта әлі де жалғасатын болады, — деді ол.

Сонымен бірге ол ауруханада  стоматологиялық кабинет ашылып, жаңа заманауи стоматологиялық құрылғы сатып алынғанын тілге тиек етті. Бүгінде кабинеттің стоматолог-дәрігері Қалжан Кустаева ересектер мен балалардың тісін жұлу және емдеу қызметтерін көрсетуде.

Ұқсас ақпараттар

Более 17 миллионов граждан прошли перепись

admin_mugalzhar

Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары

admin_mugalzhar

Стрит-арт в честь великого Абая

admin_mugalzhar