«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Мұғалжарлық кәсіпкерлер «Атамекен» басшылығы мен прокуратура өкілдері алдында өзекті мәселелерін көтерді.

Ауыл кәсіпкерлерін көшпелі қабылдау Қандыағаш қаласында өтті. Шараға Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова, Мұғалжар аудандық прокурорының орынбасары Бауыржан Қали және Қандыағаш көлік прокурорының орынбасары Айбек Сағындықов қатысты.

Кәсіпкерлер көтерген мәселелер субсидиялауға, несиелеуге, салық салуға және жер саласына қатысты болды.

Мәселен, «Ғалымжан» шаруа қожалығының басшысы Исатай Мұхамбетов жаңа автожолдың құрылысына байланысты шаруашылықтың жайылымдық жерлері екі жаққа бөлініп кеткенін айтты. Ал жолдың астында жабдықталған жаңадан салынған мал айдау көпірі сын көтермейді, сапасыз жасалған. Осының салдарынан малды автожол арқылы айдауға мәжбүр болып отыр. Оның үстіне тиісті жол белгісі орнатылмаған. Фермердің мәселесін көлік прокуроры бақылауға алды.

Өз кезегінде жеке кәсіпкер Амангелді Камалбаев несие алғанын, бірақ банктің әлі уәде етілген пайыздық мөлшерлемесін субсидияламағанын айтты. «Бұдан әрі не істеу керек?» деген оның сұрағына Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Наурызбек Сарбасов жауап берді.

Ставканы субсидиялау және несиеге кепілдік беру бөлігінде Ұлттық жобаны іске асыру үшін қосымша қаржыландыру бөлу туралы мәселе мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, оң шешілді, тек қана процедуралық сәттер қалды. Жалпы, алдағы айларда қаражат бағдарламаның қаржы операторына түседі, — деді ол.

Бірқатар мәселелер салық салуға, соның ішінде бөлшек салық мөлшерлемесін өзгерту, бизнесті жүргізудің салық режимін таңдауға қатысты болды.

Аудандарда прокуратурамен бірлесіп жеке қабылдаулар жүргізу тәжірибесі жалғасатын болады. Бизнестің барлық сұрақтары мен ұсыныстары жұмысқа қабылданады. Келешекте ақпараттық-түсінді-ру жұмыстарын — семинарлар, тренингтер, консультациялар, оның ішінде салық салу, маркетинг, жер мәселесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінетін болады. Мұндай міндет қазір Палатаның аудандардағы барлық филиалдарының алдына қойылып отыр, — деп атап өтті «Атамекен» өңірлік директоры Дана Бекбауова.

 

 

Ұқсас ақпараттар

БАСШИЛІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІС ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАНДЫ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

admin_mugalzhar

БӘЙГЕДЕ ОЗА ШАПҚАНДАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.