Бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік «Жастар практикасы» қолына енді ғана диплом алған жастар үшін үлкен мүмкіндік. Осы жылы аудан бойынша аталған бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан.
Аудандық мансап орталығының директоры Ғалым Дәрімбетов аталған бағдарлама белгілі бір оқу орнын тәмамдаған жастардың уақытша жұмысістеп, тәжірибе жинақтауына жол ашатынын айтады.
—«Жастар практикасы » бағдарламасына қатысушы жас маман бір жыл бойы жұмыс істеген уақытында 103500 теңге көлемінде айлық алады. Егер ол осы уақыт аралығында жұмысында өз іскерлігін көрсете алса, тұрақты жұмысқа қалуына мүмкіндік ала алады. Бағдарламаға 35 жастан аспаған, «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы бес жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білімі бар түлектері бір рет қана қатыса алады. Өткен жылы «Жастар практикасы» бағдарламасымен аудан бойынша 261 жас маман аудан аумағындағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек етті, — деді орталық директоры.
Н.АБАТ