«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ: БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТЕДІ

Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді. «2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері», — деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.
«Су тасқынының орын алуына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды», — деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

Ұқсас ақпараттар

БАУЫРЖАН — ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ТӨРЕШІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

В КАНДЫАГАШЕ ВЗОРВАЛСЯ АВТОМОБИЛЬ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.