Ақкемер ауылында қазақтың ұлы күйші, композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Күй күмбірі» аудандық жас күйшілер байқауы өтті. Байқауға 13 өнерпаз қатысты.
Ұлттық өнерімізді дәріптейтін, болмысымызды айғақтайтын байқауда қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені №2 Қандыағаш қалалық орта мектебінің оқушысы Әсет Жәдігер жеңіп алды.
І орынды Ерасыл Тағыберген (Ембі қаласы) иеленді. ІІ орынға №4 Қандыағаш қалалық орта мектебінің оқушысы Алдажар Кенжетай мен №1 Қандыағаш қалалық орта мектебінің оқушысы Жангүл Жүсіпова ие болды. Еңбек ауылдық округінен келген Нұрасыл Өмірбай мен Ақкемер ауылдық округінен қатысқан Ерхан Елтай жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған жас күйшілер Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.