«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Мұғалжар ауылында мектеп түлектерінің және ауылдың жанашыр азаматтарының демеушілік көмегімен күрес клубы толық жабдықталды. Бұрыңғы көне мектеп, кейін мешіт ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күрес клубы ретінде пайдалануға берілді.

Жөндеуден өткен спорт ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Бос уақытын тиімді ұйымдастырып, саламатты өмір салтын ұстанамын деген ауыл жастары үшін пайдалануға берілген спорт ғимаратының алатын орны ерекше.

Мұғалжар – ауызбіршілікке ұйыған, қазыналы қарты, жалынды жасы бар, өздері қалыптастырған жақсы іске жұрт болып жұмыла кетуді сабақтасқан салтқа айналдырған ауыл. Осы игі іске атсалысқан ауыл азаматтары аудан және ауыл әкімдерінің Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Салық кодексіне ұсынылып отырған түзетулерді мұқият талқылаймыз – Мәжіліс төрағасы

admin_mugalzhar

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

admin_mugalzhar

ЖАРЫҚ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar