«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛАМАННЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ ТАҒЫ ТОЛЫҚТЫ

Армения мемлекетінің Ереван қаласында самбо күресінен әлем чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа жерлесіміз Азия және Океания чемпионатының күміс жүлдегері атанған Еламан Қойшыбай да қатысты.
Хорватиялық, руминиялық және ирандық палуандармен 4 белдесу өткізіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген ол ақтық айқасқа жолдама үшін ирандық палуанды “аяққа ауырту” әдісімен жеңіске жеткен. 88 келі салмақ дәрежесінде күрескен спортшы финалдық ойында қырғыз палуанына 2-0 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатында күміс жүлде иегері атанды.


Әлем чемпионатында өнер көрсеткен палуан жеңісіне үлес қосқан бапкерлері Эдуард Саламат пен Ағаділ Убаевқа өз алғысын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Бақылау тексерісі: Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылуда

admin_mugalzhar

ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР — ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar