«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АРДАГЕРЛЕРІН, ЕҢБЕК ҮЗДІКТЕРІН, САЛА МАМАНДАРЫН ОБЛЫС ӘКІМІ АСХАТ ШАХАРОВ ҚҰТТЫҚТАДЫ. АТАЛҒАН ШАРАҒА АТА КӘСІПТЕН АЖЫРАМАҒАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАРУАЛАР ДА ҚАТЫСТЫ.

Мерекеде алғаш болып сөз алған облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе облысының ауылшаруашылығын дамыту үшін қолайлы аймақ екенін атап өтті.

Бүгінде ауылшаруашылық саласына мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қолдаулар көп. Соның арқасында биыл 17,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Мал шаруашылығына мал азығы шығындарын өтеу үшін қосымша 2,9 млрд теңге бағытталды. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, 397 млрд теңгеге өнім өндірілді, инвестиция көлемі 18,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп, — деді өңір басшысы.

Облыс әкімі ауа райына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, жақсы көрсеткіштермен астық жинаған диқандарға, мал басын асылдандыруда елеулі еңбек етіп жүрген облыстың шаруаларына алғысын білдірді. Марапат алғандардың қатарында мұғалжарлық ауыл шаруашылығы саласының мамандары да болды. Атап айтатын болсақ, Қ.Жұбанов ауылдық округіндегі «БірлікД» шаруа қожалығының басшысы Бекболат Исенов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен, Талдысай ауылындағы «Дәурен» шаруа қожалығының басшысы Сәндібек Қалдин ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал жылқы өсіріп, шаруаның ебін тапқан ащысайлық «Сағындық» шаруа қожалығының жылқышысы Данабек Анесовке «Озат жылқышы» атағын беріп, Алғыс хат тапсырды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Аймағамбетов қыркүйектен бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеретінін айтты

admin_mugalzhar

ЖӘЛІМБЕТ КЕСЕНЕСІ — ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

admin_mugalzhar

2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өседі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.