«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ЖАСТАРЫ – ҮЗДІК!

Алматы қаласында “Тәуелсіз ел жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Қазақстан ауылдарының үздік жастары” тақырыбында республикалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген қолдауының аясында, елімізге еңбегі сіңген ауыл жастарының жұмысын бағалай отырып, ауылдың үздік жастарын анықтау. 18-35 жас аралығындағы елдің түкпір-түкпіріндегі барлық ауылдық жерде еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсене араласып, ауылды көркейтуге үлес қосып жүрген жастар қатысқан байқауда мұғалжарлық жастар да бақ пен бапты бәйгеге қосты.

Байқау қорытындысында сынға түскен жерлес үш жастың үшеуі де үздіктер қатарынан көріне білді. Олар — Ащысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асланбек Самырат және жетекші маманы Әділхан Сәулебай, сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бас маманы Жамбыл Жетпісбай. Арнайы құжаттар рәсімдеп, жоба дайындап, комиссияның іріктеу кезеңінен өтіп, байқаудың қорытынды конференциясына шақырту алған мұғалжарлықтарға «Тәуелсіз ел жастары» Қоғамдық қорының арнайы тағайындаған «Қазақстан ауылдарының үздік жастары» төсбелгісі және Құрмет грамотасы табысталды.

А.ІЛИЯС

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА – МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ — 2022» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне үміткерлеріне газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.